Сорғыш құрылғыларға арналған қауіпсіздік техникасының нұсқаулары
- Сорғыш құрылғымен бірге пайдаланылатын электр құралының пайдалану бойынша нұсқаулығындағы қауіпсіздік техникасының нұсқауларын оқып шығыңыз және қатал ұстаныңыз.
 
- Электр құралымен кез келген жұмысты істемес бұрын (мысалы, орнату, құралды ауыстыру, тазалау, т.б.) аккумуляторды электр құралынан алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды.
 
- Өрт қаупі бар! Орнатылған сорғыш құрылғымен металл дайындамаларды өңдемеңіз. Ыстық металл жоңқасы шаң жинағыш контейнердің бөліктерін тұтандыруы мүмкін.
 
- Құлақ қорғағыштарын кийіңіз.  Шуылда тұру есті қабілетінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.
 
- Қолданыстағы ұлттық және халықаралық стандарттарды ұстаныңыз.