Пайдалану нұсқаулары

Жұмыс шамы тікелей жұмыс аймағындағы көру мүмкіндігін жақсартады және оған қоса пайдаланушыға ара төсемінің кесік сызығын көрсетеді. Осылайша дайындаманы аралау үшін маятниктік қорғаныш қаптаманы ашпай нақты орналастыруға болады.

  • Қалаулы кесік сызығын дайындамада белгілеп қойыңыз.
  • Жұмыс шамын ажыратыштың (35) көмегімен қосыңыз.
  • Манипуляторды дайындама алдына төмен қарай бағыттаңыз.
    Ара төсемінің көлеңкесі дайындамада пайда болады. Бұл көлеңке сызығы кесу кезінде дайындамадан кесілуі керек материалды білдіреді.
  • Белгіңізді дайындамадағы көлеңке сызығына бағыттаңыз.

Макс. дайындамалар саны:

Көлденең еңіс бұрышы

Тік еңіс бұрышы

Биіктігі x ені [мм]

105 x 340

45°

105 x 245

45° (сол жақ)

70 x 340

45°

45° (сол жақ)

70 x 245

45° (оң жақ)

48 x 340

45°

45° (оң жақ)

48 x 245

Максималды кесік тереңдігі (0°/0°): 105 мм

Ұзындығы бірдей дайындамаларды оңай аралау үшін сол жақ немесе оң жақ ұзындық шектегішін (29) пайдалануға болады.

  • Ұзындық шектегішін (29) жоғары қарай тартыңыз.
  • Аралау үстелінің ұзартқышын (15) қажетті дайындама ұзындығына реттеңіз.

Егер ойықты аралау керек болса тереңдік тіреуішін жылжыту керек.

  • Тереңдік тіреуішін (25) сыртқа қайырыңыз.
  • Манипуляторды қол тұтқасынан (4) керекті күйіне қисайтыңыз.
  • Дәлдеу бұрандасын (26) бұранда ұшы тереңдік тіреуішіне (25) тигенше бұраңыз.
  • Манипуляторды жай жоғарыға бағыттаңыз.

Иінді немесе домалақ дайындамаларды аралау кезінде, оларды сырғанаудан қорғау қажет. Кесік сызығында дайындама, тіреуіш планка мен аралау үстелінің арасында бос орын пайда болмауы тиіс.

Қажет болса, арнайы ұстағыштарды дайындау қажет.

Ішпек (9) ұзақ уақыт пайдаланылғаннан кейін электр құралын тоздыруы мүмкін.

Ақаулы ішпекті алмастырыңыз.

  • Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
  • Бұрандаларды (54) стандартты крест ойықты бұрауышпен бұрап шығарып, ескі ішпекті (9) алып тастаңыз.
  • Жаңа ішпекті енгізіп, бұрандаларды (54) қайтадан тартыңыз.