Іске қосу
Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған айналмалы реттегіш (17) арқылы қажетті айналу жиілігін жұмыс барысында да реттеуге болады.
1−2 | Төмен айналу жиілігі |
3−4 | Орташа айналу жиілігі |
5−6 | Жоғары айналу жиілігі |
Кестеде көрсетілген мәндер шамамен берілген. Қажетті айналу жиілігін материал мен жұмыс жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға болады.
Материал | Фреза диаметрі [мм] | Айналмалы реттегіш күйі |
---|---|---|
Қатты ағаш (шамшат) | 4–10 | 5–6 |
Жұмсақ ағаш (қарағай) | 4–10 | 5–6 |
Жоңқа тақталар | 4–10 | 3–6 |
Пластик | 4–15 | 2–3 |
Алюминий | 4–15 | 1–2 |
Электр құралымен ұзақ жұмыс істегеннен кейін салқындату үшін шамамен 3 минутқа ең жоғары айналу жиілігін қосу керек.
Қосу алдында фрезерлеу тереңдігін реттеп шығыңыз.
Электр құралын қосу үшін ажыратқышқа арналған бекіту және босату түймесін (20) жеңіл басыңыз, содан кейін ажыратқышты (19) басып, ұстап тұрыңыз.
Электр құралын бекіту үшін оны қосып, ажыратқышқа арналған бекіту және босату түймесін (20) басыңыз. Содан кейін алдымен ажыратқышты (19), ал сонан соң ажыратқышқа арналған бекіту және босату түймесін (20) жіберіңіз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (19) жіберіңіз немесе ол бекіту түймесімен (20) бұғатталған болса, ажыратқышты (19) қысқа уақытқа басып, сонан соң жіберіңіз.