Фрезерлеу тереңдігін реттеу (E суретін қараңыз)

Фрезерлеу тереңдігін реттеу жұмысын тек электр құралының өшірулі күйінде орындау керек.

Фрезерлеу тереңдігін шамамен реттеу үшін келесідей әрекет етіңіз:

Тереңірек фрезерлеу үшін әрқайсысының фрезерлеу тереңдігін төменірек орнатып, бірнеше рет орындап өту керек. Сатылы тіректің (8) көмегімен фрезерлеу процесін бірнеше сатыға бөлуге болады. Ол үшін фрезерлеу тереңдігін сатылы тіректің ең төменгі сатысымен орнатып, бірінші жұмыс берілістері үшін жоғарырақ сатылар таңдаңыз.

Сынақ жүрістен кейін фрезерлеу тереңдігін айналмалы тұтқаны (16) бұрау арқылы қажетті өлшемге дәлдеп реттеуге болады; фрезерлеу тереңдігін арттыру үшін тұтқаны сағат тілінің бағытымен, ал фрезерлеу тереңдігін азайту үшін тұтқаны сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз. Шкала (15) бағдарлау үшін пайдаланылады. Бір айналым қондырғының 1,5 мм жүрісіне тең, шкаланың (15) жоғарғы жиегіндегі бір бөлік қондырғының 0,1 мм жүрісіне тең. Максималды реттеу жүрісі ±16 мм құрайды.