Тағайындалу бойынша қолдану

Бұл электр құралын шуруптарды бұрап бекіту және бұрап босату, сондай-ақ, ағаш, металл, сонымен бірге, синтетикалық материалдарды бұрғылауға арналған.

Электр құралын тікбұрышты саптамамен (GFA 12-W), эксцентриктік саптамамен (GFA 12-E), бит ұстағышының саптамасымен (GFA 12-X), (металл) бұрғылау патронының саптамасымен (GFA 12-M/GFA 12-B) немесе перфоратор саптамасымен (GFA 12-H) бірге пайдалануға болады.