Шаңды және жоңқаларды сору

Шаң мөлшерін азайту шараларын қолданбай жұмыс істемеңіз.
Жарамды сорғыш құрылғы немесе шаңжинағыш/шаңға арналған қап денсаулыққа зиянды шаң жүктемесін азайтады. Жұмыс орнының жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз. Әрдайым тыныс органдарына арналған жарамды қорғанысты пайдаланыңыз. Шаңжинағышты пайдаланған кезде оны дер кезінде босатыңыз және шаңның оңтайлы сорылуын қамтамасыз ету үшін сүзгіш элементті жүйелі түрде тазалап тұрыңыз.
Сорғышты пайдаланған кезде төмендегі талаптарды орындаңыз. Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын нұсқамаларды орындаңыз.

Сорғышқа қойылатын талаптар

Шлангінің ұсынылған номинал диаметрі

мм

35

Қажетті төменгі қысымA)

мбар
гПа

≥ 230
≥ 230

Қажетті ағын мөлшеріA)

л/с
м³/сағ

≥ 36
≥ 129,6

Сүзгінің ұсынылатын өткізу қабілеті

M шаң класыB)

A)

Электр құралының сорғыш жалғағышындағы қуат мәні

B)

IEC/EN 60335-2-69 стандарты бойынша

Сорғыш нұсқаулығын қараңыз. Сору қуаты төмендеген жағдайда, жұмысты тоқтатып, себебін жойыңыз.

Жоңқаны шығаруға арналған келте құбыр (B суретін қараңыз)

Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды (18) еркін бұрауға болады.

Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырға (18) диаметрі 35 мм болатын сорғыш шлангіні немесе шаң/жоңқа жинағыш қорапты (28) жалғауға болады.

Оңтайлы сорылуды қамтамасыз ету үшін жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды (18) жүйелі түрде тазалап тұру қажет.

Сыртқы сорғыш

Сорғыш шлангіні (29) шаңсорғышқа (керек-жарақ) жалғаңыз. Осы нұсқаулықтар соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.

Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.

Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.