Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы стационарлық құрылғы ретінде ағаш бойынша тік кесу бағытымен бойлай және көлденеңінен кесіктер жасауға арналған. Бұл ретте −48° және +48° аралығындағы көлденең еңіс бұрышы және −2° және 47° аралығындағы тік еңіс бұрышы болуы мүмкін.
Электр құралының қуаты қатты және жұмсақ ағашты және ағаш-жоңқалы плита мен ағаш-талшықты плиталарға арналған.
Тиісті ара дискілерін пайдаланған кезде алюминий профильдері мен пластикті аралауға болады.