Пайдалануға ендіру

  • Электр құралын қолданысқа енгізу үшін алдымен іске қосылудан қорғайтын құлыпты (5) басыңыз. Содан кейін ажыратқышты (33) толықтай басып, сол күйде ұстап тұрыңыз.

Нұсқау:Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (33) құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған болуы қажет.

  • Өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (33) жіберіңіз.

Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі (Soft Start) электр құралын қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16 А сақтандырғышта жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Нұсқау: егер электр құралы, қуат берілуі үзілгеннен кейін, бірден толық айналу жиілігімен жұмыс істесе, бұл қайта іске қосылудан қорғаныстың істен шыққанын білдіреді. Электр құралын қызмет көрсету орталығына жіберу керек.