Шаңды және жоңқаларды сору
Шаң мөлшерін азайту шараларын қолданбай жұмыс істемеңіз.
Жарамды сорғыш құрылғы немесе шаңжинағыш/шаңға арналған қап денсаулыққа зиянды шаң жүктемесін азайтады. Жұмыс орнының жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз. Әрдайым тыныс органдарына арналған жарамды қорғанысты пайдаланыңыз. Шаңжинағышты пайдаланған кезде оны дер кезінде босатыңыз және шаңның оңтайлы сорылуын қамтамасыз ету үшін сүзгіш элементті жүйелі түрде тазалап тұрыңыз.
Сорғышты пайдаланған кезде төмендегі талаптарды орындаңыз. Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын нұсқамаларды орындаңыз.
- Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сорғышқа қойылатын талаптар | ||
|---|---|---|
Шлангінің ұсынылған номинал диаметрі | мм | 35 |
Қажетті төменгі қысымA) | мбар | ≥ 230 |
Қажетті ағын мөлшеріA) | л/с | ≥ 36 |
Сүзгінің ұсынылатын өткізу қабілеті | M шаң класыB) | |
- A)
Электр құралының сорғыш жалғағышындағы қуат мәні
- B)
IEC/EN 60335-2-69 стандарты бойынша
Сорғыш нұсқаулығын қараңыз. Сору қуаты төмендеген жағдайда, жұмысты тоқтатып, себебін жойыңыз.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
- Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып қойыңыз.
- Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
- Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
Жоңқаны ұстап алу үшін жеткізілім жиынтығындағы шаң жинағыш қапты (1) пайдаланыңыз.
- Сору адаптерін (2) жоңқаны шығаруға арналған келте құбырға (45) енгізіп, бұғаттаңыз ("құлыпты жабу" күйіне бұраңыз).
- Шаң жинағыш қапты (1) сору адаптерімен (2) (Click&Clean жалғағышы) байланыстырыңыз.
Шаң жинағыш қап аралау кезінде жылжымалы құрылғы бөлшектеріне тимеуі керек.
Шаң жинағыш қапты дер кезінде босатыңыз.
- Шаң жинағыш қапты әр пайдаланғаннан кейін тексеріп тазалаңыз.
- Өрт қаупінің алдын алу үшін алюминийді аралау кезінде шаң жинағыш қапты алып тастаңыз.
Шаң сору үшін сору адаптеріне (2) шаңсорғыш шлангісін (диаметрі 35 мм) жалғауға болады.
- Сору адаптерін (2) жоңқаны шығаруға арналған келте құбырға (45) енгізіп, бұғаттаңыз ("құлыпты жабу" күйіне бұраңыз).
- Шаңсорғыш шлангісін сору адаптерімен (2) (Click&Clean жалғағышы) байланыстырыңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін сору адаптерін (2) жүйелі түрде тазалап тұру керек.
- Сору адаптерін (2) жоңқаны шығаруға арналған келте құбырдан (45) алып тастаңыз ("құлыпты ашу" күйіне бұрап, суырыңыз).
- Дайындаманың сынықтары мен жоңқаны шығарып алыңыз.
- Сору адаптерін (2) жоңқаны шығаруға арналған келте құбырға (45) енгізіп, бұғаттаңыз ("құлыпты жабу" күйіне бұраңыз).