Жұмыс істеуге дайындау

Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет болады.

Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі сенімді түрде өткізеді.

Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып тірелуі керек.

Аралау үстелін аралау үстелінің ұзартқыштары (17) көмегімен солға немесе оңға ұзартуға болады.

  • Қысқыш иінтіректі (40) жоғары қайырыңыз.
  • Аралау үстелінің ұзартқышын (17) қажетті ұзындыққа дейін сыртқа тартыңыз.
  • Аралау үстелінің ұзартқышын бекіту үшін қысқыш иінтіректі (40) қайтадан төмен итеріңіз.

Дайындама тіреуіштерінің (18) икемді штепсельдік жүйесі ұзарту немесе кеңейту нұсқаларының алуан түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді.

  • Қажет болса, дайындама тіреуішін (18) электр құралындағы бекіткіштерге (43) немесе екінші дайындама тіреуішінің бекіткіштеріне (44) енгізіңіз.
  • Электр құралын еш жағдайда дайында тіреуіштерінен ұстап тасымаңыз.
    Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау аспаптарын пайдаланыңыз.

Тік еңіс бұрышында аралау кезінде жылжымалы тіреуіш планканы (20) жылжыту немесе толықтай алып тастау керек.

Алып тастау:

  • Бұғаттау бұрандасын (50) босатыңыз.
  • Жылжымалы тіреуіш планканы (20) толықтай сыртқа тартып, жоғары көтеріңіз.

Жылжыту:

  • Бұғаттау бұрандасын (50) азғантай босатыңыз.
  • Жылжымалы тіреуіш планканы (20) толықтай сыртқа тартып, бұғаттау бұрандасын (50) қайтадан мықтап тартыңыз.

Тік еңіс бұрышы бойынша аралағаннан кейін жылжымалы тіреуіш планканы (20) бастапқы күйіне қайтарып, бұғаттау бұрандасын (50) мықтап тартыңыз.

Оңтайлы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дайындаманы әрдайым мықтап қысу керек.
Мықтап қысу үшін тым кішкентай болған дайындамаларды өңдемеңіз.

  • Дайындаманы (19) және (20) тіреуіш планкаларына қарай басыңыз.
  • Жинақтағы бұрандалы қысқышты (30) арнайы саңылауларға (41) енгізіңіз.
  • Қатпарлы бұранданы (51) босатып, бұрандалы қысқышты дайындамаға сәйкестендіріңіз. Қатпарлы бұранданы қайтадан мықтап бекітіңіз.
  • Бұрандалы өзекті (52) тартып, осылайша дайындаманы бекітіңіз.

Дайындаманы босату

  • Бұрандалы қысқышты босату үшін бұрандалы өзекті (52) сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.