Негізгі реттеулерді тексеріп реттеңіз
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет болады.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі сенімді түрде өткізеді.
- Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
- Аралау үстелін (31) 0° ойығына (15) дейін бұраңыз. Иінтірек ойыққа шерту дыбысымен тірелуі керек.
- Оң жақ тіректі (29), 0° шамасындағы қажетті стандартты тік еңіс бұрышы тіреуіш бұранданың (28) астында тірелгенше бұраңыз.
- Бұғаттау түймесін (13) жоғары қарай тартыңыз.
- Манипуляторды тұтқасынан (4) ұстай отырып, тіреуіш бұранда (28) тіректе (29) жатқанша, оңға қайырыңыз.
Тексеру (T1 суретін қараңыз)
- Бұрыштық үшбұрышты (55) 90° бұрышпен, ара дискісі (48) аралау үстелінің (31) және аралау үстеліндегі (31) ара дискісінің арасында жататындай етіп қойыңыз.
Бұрыштық үшбұрыштың бір жағы бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісінде (48) жатуы керек.
Реттеу (T2 суретін қараңыз)
- Тіреуіш бұранданың контргайкасын (28) стандартты шеңберлік немесе айыр тәрізді кілтпен босатыңыз.
- Тіреуіш бұранданы (28), бұрыштық үшбұрыштың (55) бір жағы бүкіл ұзындығы бойынша ара төсемінде жатқанша, ішке немесе сыртқа бұраңыз.
- Бұғаттау түймесін (13) қайтадан төмен қарай итеріңіз.
- Содан кейін тіреуіш бұранданың контргайкасын (28) қайтадан мықтап тартыңыз.
Егер бұрыш индикаторы (27) реттегеннен кейін шкаланың (26) 0° белгісімен бір сызықта тұрмаса, бұранданы (57) стандартты крест ойықты бұрауышпен босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісімен туралаңыз (W суретін қараңыз).
- Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
- Аралау үстелін (31) 0° ойығына (15) дейін бұраңыз. Иінтірек ойыққа шерту дыбысымен тірелуі керек.
- Жылжымалы тіреуіш планканы (20) алып тастаңыз.
- Сол жақ тіректі (21), 45° шамасындағы қажетті стандартты тік еңіс бұрышы тіреуіш бұранданың (22) астында тірелгенше бұраңыз.
- Бұғаттау түймесін (13) жоғары қарай тартыңыз.
- Манипуляторды тұтқасынан (4) ұстай отырып, тіреуіш бұранда (22) тіректе (21) жатқанша, солға қайырыңыз.
Тексеру (U1 суретін қараңыз)
- Бұрыштық үшбұрышты (55), ара төсемі (48) аралау үстелінің (31) және аралау үстеліндегі ара төсемінің арасында 45° бұрышта жататындай етіп қойыңыз.
Бұрыштық үшбұрыштың бір жағы бүкіл ұзындығы бойынша ара төсемінде (48) жатуы керек.
Реттеу (U2 суретін қараңыз)
- Тіреуіш бұранданың контргайкасын (21) стандартты шеңберлік немесе айыр тәрізді кілтпен босатыңыз.
- Тіреуіш бұранданы (21), бұрыштық үшбұрыштың (55) бір жағы бүкіл ұзындығы бойынша ара төсемінде жатқанша, ішке немесе сыртқа бұраңыз.
- Бұғаттау түймесін (13) қайтадан төмен қарай итеріңіз.
- Содан кейін тіреуіш бұранданың контргайкасын (21) қайтадан мықтап тартыңыз.
Егер бұрыш индикаторы (27) реттеу әрекетінен кейін шкаланың (26) 45° белгісімен бір сызықта болмаса, алдымен тік еңіс бұрышы мен бұрыш индикаторының 0° реттеуін тексеріп шығыңыз. Содан кейін 45° тік еңіс бұрышының реттеуін тексеріп шығыңыз.
- Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
- Бекіткіш тетік (12) тартылған болса, оны босатыңыз.
- Бұғаттау түймесін (11) төмен қарай итеріп, аралау үстелін (31) 0° ойығына (15) дейін бұраңыз.
- Бұғаттау түймесін (11) қайтадан жіберіңіз. Аралау үстелі ойыққа шерту дыбысымен тірелуі керек.
Тексеру (V1 суретін қараңыз)
- Бұрыштық калибрді 90° шамасына реттеп, оны ара дискісімен (48) жанасатындай етіп тіреуіш планка (19) мен ара дискісінің арасында аралау үстеліне (31) орнатыңыз.
Бұрыштық калибрдің бір жағы бүкіл ұзындығы бойынша тіреуіш планкада жатуы керек.
Реттеу (V2 суретін қараңыз)
- Барлық ішкі алты қырлы бұрандаларды (56) жинақтағы алты қырлы дөңбек кілтпен (39) босатыңыз.
- Тіреуіш планканы (19) бұрыштық калибр бүкіл ұзындығы бойынша беттеп жатқанша бұраңыз.
- Бұрандаларды қайта берік бекітіңіз.
- Тіректі (29), 0° стандартты тік еңіс бұрышы көрсеткі белгісіне тірелгенше бұраңыз.
- Манипуляторды тірелгенше оңға қайырыңыз.
- Бұғаттау түймесін (13) қайтадан төмен қарай итеріңіз.
Тексеру
Бұрыш индикаторы (27) шкаланың (26) 0° белгісімен бір сызықта болуы керек.
Реттеу
- Бұранданы (57) крест ойықты бұрауышпен босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісімен туралаңыз.
- Бұранданы қайтадан мықтап тартыңыз.
- Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
- Аралау үстелін (31) 0° ойығына (15) дейін бұраңыз. Иінтірек шерту дыбысымен ойыққа тірелуі тиіс.
Тексеру
Бұрыш индикаторы (14) шкаланың (16) 0° белгісімен бір сызықта болуы керек.
Реттеу
- Бұранданы (58) жинақтағы крест тәрізді бұрауышпен босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісімен туралаңыз.
- Бұранданы қайтадан тартыңыз.