Пайдаланушы интерфейсі
Пайдаланушы интерфейсі (12) аккумулятор зарядының деңгейін тексеру және жүйенің күйін көрсету үшін пайдаланылады.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (15) | Мағынасы/себебі | Шешімі |
|---|---|---|
жасыл (2–5 жолақ) | Аккумулятор зарядталған | – |
сары (1 жолақ) | Аккумулятор заряды таусылған дерлік | Аккумуляторды дереу алмастыру немесе зарядтау |
қызыл (1 жолақ) | Аккумулятор заряды таусылған | Аккумуляторды алмастыру немесе зарядтау |
Аккумулятор таңдалмаған жағдайда, аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (15) әрдайым сыйымдылығы төменірек аккумулятордың заряд деңгейін көрсетеді.
- Белгілі бір аккумулятордың заряд деңгейін көру үшін аккумуляторды таңдау түймесін (13), аккумулятор зарядының деңгейі индикаторының (15) жанында қажетті аккумулятордың белгісі жанғанша басыңыз (A: сол жақ аккумулятор, B: оң жақ аккумулятор; аккумуляторлық Power Unit блогындағы аккумулятор бекіткіштері (18) туралы корпустағы таңбаламаны да қараңыз).
Электр құралының күйі индикаторы (16) | Мағынасы/себебі | Шешімі |
|---|---|---|
жасыл | OK күйі | – |
сары | Шектік температураға жетті немесе аккумулятор заряды таусылған дерлік | Электр құралын суыту немесе аккумуляторды алмастыру/зарядтау |
қызыл | Электр құралы қызып кетті немесе аккумулятор заряды таусылған | Электр құралын суыту немесе аккумуляторды алмастыру/зарядтау |
Аккумулятордың заряды тым төмен | Аккумуляторды зарядтау немесе ұсылынылатын аккумулятор түрін пайдалану | |
Жалпы ақаулықтар |
Ақаулық сонда да жойылмаса:
|