Пайдалануға ендіру

Жоңқалау тереңдігін реттеу

Нұсқау: электр құралы 1 мм-ге дейінгі кесу тереңдігіне оңтайландырылған.

Айналмалы реттегіштің (1) көмегімен кесу тереңдігін 0 – 1,0 мм аралығында сатысыз реттеуге болады. 1 мм шамасынан үлкен кесу тереңдігі үшін (2) түймесін басу керек:

Материал

Жонғы ені, мм

Кесу тереңдігі, мм

0 – 1,0

0 – 2,0

Жұмсақ ағаш

< 30

30 − 40

Қатты ағаш

< 20

20 − 30

Жұмсақ ағаш (дымқыл)

0 − 40

Шере

< 20

20 − 30

Фенопластпен қапталған шере

< 15

15 − 30

Ортаңғы тығыздықты ағаш талшықты тақталар

< 20

20 − 30

Буаттар

1

Қатты ағаш буаттары

3 − 5

Екі компоненттік толтырғыш

3 − 5

Картон

2

Қосу/өшіру

Электр құралын іске қосу үшін алдымен іске қосылудан қорғайтын құлыпты (3) басып, содан кейін ажыратқышты (4) басып тұрыңыз.

Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (4) жіберіңіз.

Нұсқау: қауіпсіздік тұрғысынан ажыратқышты (4) бекітіп қоюға болмайды, оны жұмыс істеу кезінде тұрақты түрде басып тұру қажет.