Шаңды және жоңқаларды сору
Шаң мөлшерін азайту шараларын қолданбай жұмыс істемеңіз.
Жарамды сорғыш құрылғы немесе шаңжинағыш/шаңға арналған қап денсаулыққа зиянды шаң жүктемесін азайтады. Жұмыс орнының жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз. Әрдайым тыныс органдарына арналған жарамды қорғанысты пайдаланыңыз. Шаңжинағышты пайдаланған кезде оны дер кезінде босатыңыз және шаңның оңтайлы сорылуын қамтамасыз ету үшін сүзгіш элементті жүйелі түрде тазалап тұрыңыз.
Сорғышты пайдаланған кезде төмендегі талаптарды орындаңыз. Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын нұсқамаларды орындаңыз.
- Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сорғышқа қойылатын талаптар | ||
|---|---|---|
Шлангінің ұсынылған номинал диаметрі | мм | 35 |
Қажетті төменгі қысымA) | мбар | ≥ 230 |
Қажетті ағын мөлшеріA) | л/с | ≥ 36 |
Сүзгінің ұсынылатын өткізу қабілеті | M шаң класыB) | |
- A)
Электр құралының сорғыш жалғағышындағы қуат мәні
- B)
IEC/EN 60335-2-69 стандарты бойынша
Сорғыш нұсқаулығын қараңыз. Сору қуаты төмендеген жағдайда, жұмысты тоқтатып, себебін жойыңыз.
Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды (13) алып тастаңыз.
Электр құралына екі жағынан сору адаптерін (24) (керек-жарақ) сорғыш шлангімен (диаметрі 35 мм) (22) (керек-жарақ) бірге салуға болады.
Алдымен сору адаптерін (24) электр құралына салыңыз. Сору адаптерінің құлпын (25) бекітіңіз. Содан кейін сорғыш шлангіні (22) сору адаптеріне (24) екі батырма (26) шерту дыбысымен тірелгенше енгізіңіз.
Сорғыш шлангіні (22) шаңсорғышқа (керек-жарақтар) жалғаңыз. Осы нұсқаулықтың соңында әртүрлі шаңсорғыштарға жалғау әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін дайындамаға сәйкес келуі тиіс.
Денсаулыққа зиянды, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды (13) алып тастаңыз.
Шағын жұмыстарда шаң/жоңқа жинағыш қапты (керек-жарақ) (23) пайдалануға болады.
Шаң/жоңқа жинағыш қапты (23) электр құралына салыңыз. Шаң/жоңқа жинағыш қаптың құлпын (25) бекітіңіз.
Шаң/жоңқа жинағыш қапты (23) дер кезінде босату арқылы шаң соруды оңтайлы күйде сақтайсыз.