Аккумуляторды суыту (Active Air Cooling)

Зарядтағыш құрылғы қолданылатын аккумулятордың температурасын бақылайды. Қажет болса, аккумуляторды суыту үшін желдеткіштер қосылады.

Аккумуляторды суыту 3 қадамда орындалады:

  • Алдын ала суыту
  • Зарядтау процесінде суыту
  • Кейінгі суыту

 

Зарядтағыш құрылғыда аккумуляторды суытудан бөлек жұмыс істейтін жеке суыту жүйесі бар.

Алдын ала суыту

Зарядтау процесі басталмас бұрын аккумулятор температурасы рұқсат етілген зарядтау температураларының диапазонынан  қараңыз Зарядтау процесі жоғары болса, аккумуляторды суыту үшін желдеткіштер іске қосылады.
Аккумулятор температурасы рұқсат етілген зарядтау температураларының диапазонына жеткеннен кейін, зарядтау процесі басталады.

Алдын ала суыту барысында аккумулятордың суытылуы келесідей көрсетіледі:

Active Air Cooling индикаторы (4) жасыл түспен, ал күй индикаторы (3) сары түспен жанады.

Зарядтау процесінде суыту

Егер зарядтағыш құрылғы зарядтау барысында аккумуляторды суытудың пайдалы екенін анықтаса, желдеткіштер іске қосылады.

Зарядтау барысында аккумулятордың суытылуы келесідей көрсетіледі:

Active Air Cooling индикаторы (4) және күй индикаторы (3) жасыл түспен жанады, ал заряд деңгейі индикаторының (9) жолақтары кезектесіп жасыл түспен жанады.

Кейінгі суыту

Егер зарядтағыш құрылғы зарядтау процесінен кейін аккумуляторды суытудың пайдалы екенін анықтаса, желдеткіштер іске қосылады.

Кейінгі суыту барысында аккумулятордың суытылуы келесідей көрсетіледі:

Active Air Cooling индикаторы (4) және күй индикаторы (3) жасыл түспен жанады, ал заряд деңгейі индикаторының (9) барлық жолақтары жасыл түспен жанады.