L-BOXX қорабында пайдалану
- L-BOXX қорабының қақпағы толықтай ашық болуы керек. Сақтандырғыш ысырма L-BOXX қорабының қақпағына бекітілуі керек. Зарядтағыш құрылғының кабелі кабель шығысы арқылы L-BOXX қорабына өткізілуі керек.
- L-BOXX стандартты жеткізілім жиынтығына жатпайды.
Зарядтағыш құрылғыны монтаждау
Зарядтағыш құрылғыны L-BOXX қорабында пайдалану үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
- L-BOXX қорабының қақпағын, сақтандырғыш ысырма (11) тірелгенше толықтай ашыңыз. Сақтандырғыш ысырма (11) L-BOXX қақпағының кенет жабылып қалуына жол бермейді.
- Зарядтағыш құрылғының кабелін кабель шығысы (12) арқылы L-BOXX қорабына өткізіп, желілік ашаны розеткаға салыңыз.
L-BOXX қорабында тасымалдауға дайындау
L-BOXX қорабында пайдаланғаннан кейін және тасымалдау алдында төмендегі қадамдарды орындаңыз:
- Кабельдің желілік ашасын розеткадан суырып алыңыз.
- Зарядтағыш құрылғының кабелін кабель шығысынан (12) шығарып, оны L-BOXX қорабында қысылмайтындай етіп орналастырыңыз.
- L-BOXX қорабын жабу үшін сақтандырғыш ысырманы (11) сәл көтеріңіз. Осылайша құлыпты сақтандырғыш ысырма арқылы босатуға болады.
- L-BOXX қорабының қақпағын толықтай жабыңыз.