Пайдаланушы интерфейсін басқару
Пайдаланушы интерфейсі | Сипаттама | Нұсқау |
|---|---|---|
| SPEED жұмыс режимі (айналу жиілігі) SPEED жұмыс режимінде айналу жиілігін 3 деңгей бойынша алдын ала таңдауға болады. Орнатылған деңгей Айналу жиілігін алдын ала таңдау индикаторы (14) арқылы көрсетіледі:
Нұсқау: үш айналу жиілігі деңгейінің айналу жиілігі диапазоны техникалық деректерде берілген. Нұсқау: функцияны белсендірген кездегі алдын ала орнатылған реттеу — 3-айналу жиілігінің деңгейі. | SPEED (11) түймесін басыңыз. Пайдаланушы интерфейсі мен SPEED функциясы қосылады. SPEED (11) түймесі мен Айналу жиілігін алдын ала таңдау деңгейінің индикаторы (14) жанады. SPEED түймесін (11), қалаулы деңгей көрсетілгенше баса беріңіз. |
| Жұмыс режимі SPEED (Айналу жиілігі) мен Жұмыс режимін TIME (Shut off after time) қиыстыруға болады. Содан кейін Жұмыс режимі TIME сәйкесінше алдын ала орнатылған айналу жиілігі диапазонында бірдей әрекет етеді. TIME жұмыс режимі (Shut off after time) TIME жұмыс режимінде электр құралы алдын ала таңдалған уақыт аралығынан кейін тоқтап қалады. Автоматты түрде өшіру функциясы беттің зақымдалуына немесе бұрандалардың тым қатты тартылуына жол бермейді. Нұсқау: бұл жұмыс режимі тек оңға айналу күйінде белсенді. | Функцияны қосу үшін TIME түймесін (12) басыңыз. TIME (12) түймесі функция қосулы тұрғанша жанады. TIME (12) түймесін TIME функциясын қайта өшіру үшін қайта басыңыз. |
| Жұмыс режимін SPEED (Айналу жиілігі) Жұмыс режимімен ABR (Auto Bolt Release) қиылыстыруға болады. Содан кейін Жұмыс режимі ABR сәйкесінше алдын ала орнатылған айналу жиілігі диапазонында әрекет етеді. ABR жұмыс режимі гайкаларды босату үшін қолданылады: бұрауыш босатылған кезде, электр құралы автоматты түрде өшіп қалады. Автоматты түрде өшіру функциясы, бұранда оймасы босаған кезде, бұранда гайкасын түсіп кетуден сақтайды. Нұсқау: жұмысы режимі ABR тек солға айналу күйінде белсенді. Нұсқау: автоматты түрде өшіру (ABR) функцясы, бұрандалар немесе гайкалар қатайтылғанда ғана жұмыс істейді. Ажыратқышты (7) толықай басу керек. | Функцияны қосу үшін ABR түймесін (13) басыңыз. ABR (13) түймесі функция қосулы тұрғанша жанады. Электр құралын солға айналу режиміне орнатыңыз. Бұранда гайкасын босату кезінде автоматты түрде өшіру (ABR) функциясы іске қосылуы үшін, ажыратқышты (7) шегіне дейін басыңыз. ABR (13) түймесін ABR функциясын қайта өшіру үшін қайта басыңыз. Нұсқау: пайдаланушы интерфейсін SPEED (11) түймесімен өшіру ABR функциясының жұмысын да тоқтатады. |


