Кабель өткізгіш құрылғыға арналған қауіпсіздік техникасының нұсқаулары

Электр құралын ток өткізгіш немесе кернеу көзіне қосылған сымдарға қолданбаңыз. Кабельді ішінде басқа сымдар бар құбыр арқылы өткізген кезде құбыр ішіндегі барлық сымдар қуат көзіне қосылмағанына және оларды жұмыс алдында ажыратқаныңызға көз жеткізу керек.

Электр құралын саты үстінде тұрып пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде тұрақтылық пен тепе-теңдік сақтаңыз. Тартылатын таспа немесе кабель үзіліп қалса, сүріну және жарақат алу қаупі туындайды.
- Қолыңызды құбыр мен айналмалы саптама арасындағы саңылаудан алшақ ұстаңыз. Осылайша қысылып қалудан жарақат алуға жол бермейсіз.
- Электр құралын орналастыру кезінде (әсіресе биік жерде) иық белдігін әрдайым тиісінше орналастырыңыз. Оның аяқ, қол мен басқа ықтимал қауіпті жерлерге тимейтіндігін қадағалаңыз. Осылайша иық белдігінің шатасуына жол бермейсіз және жарақат алу қаупін азайтасыз.
- Осы электр құралын ауыр заттарды көтеру үшін пайдаланбаңыз. Көтеру әрекеттері жүктердің құлауына және жарақат алуға әкелуі мүмкін.
- Электр құралын бөгде заттарды көтеру үшін пайдаланбаңыз, себебі таспа мұндай әрекетке арналмаған. Электр құралы құлап, аяққа ауыр жарақат тигізуі және электр құралының зақымдалуына әкелуі мүмкін.
- Электр құралын екі қолмен берік ұстаңыз және тұрақтылық сақтаңыз. Электр құралын екі қолмен ұстап қолданған айтарлықтай қауіпсіз.
- Электр құралын жұмыс барысында жаныңыздағы адамдарға бағыттамаңыз. Электр құралынан шығып кеткен таспа жарақат алуға әкелуі мүмкін.
- Ұстағыштарды тек иық белдігін бекіту үшін пайдаланыңыз. Иық белдігіне арналған ұстағыштар құлаудан қорғауға арналмаған.
- Кабельдерді өткізу кезінде таспаны қолыңызбен жылжытпаңыз немесе тартпаңыз. Оның орнына құралдың өзін берік ұстап тұрыңыз. Белгілі бір жағдайларда өлшегіш таспаны қолмен ұстап қолдану қажет болса, жарақат алуды болдырмау үшін міндетті түрде қорғаныш қолғап киіп жүріңіз.
- Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
- Аккумуляторды өзгертпеңіз және ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.
- Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
- Аккумуляторды тек өндіруші өнімдері үшін пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды.