Кабельді тарту
- Қалаған жұмыс режимін таңдаңыз.
- Ауыстырып-қосқышты (6) толығымен сол жағына қарай басу арқылы беруді реттеңіз (D суретін қараңыз).
- Саптаманы (3) қолайлы жұмыс бұрышына бұраңыз және саптаманы ұстағыш сақинаның (19) құбырдың ұшына мықтап тірелгеніне назар аударыңыз (G суретін қараңыз).
- Ажыратқышты (7) басыңыз. Электр құралды мықтап ұстаңыз және беру барысында туындауы мүмкін күтпеген кедергіге қарсы әрекет жасау үшін тиісті қысым түсіріңіз.
- Ажыратқышты (7) таспа (2) құбыр арқылы толығымен өткеннен кейін босатыңыз.
- Кабельді таспаға (2) мықтап бекітіңіз (H суретін қараңыз). Тарту барысында босап кетудің алдын алу үшін, қосылымды оқшаулағыш таспамен орау ұсынылады.
- Кабельді тартпас бұрын, кабельдің екінші ұшы тиісінше бекітілгеніне және кедергілердің жоқтығына көз жеткізіңіз.
- Ауыстырып-қосқышты (6) толығымен оң жағына қарай басу арқылы тартуды реттеңіз (E суретін қараңыз).
- Ажыратқышты (7) таспа (2) автоматты түрде тоқтағанша басып тұрыңыз. Содан кейін ол бастапқы позициясына толығымен қайтып оралады.
Нұсқау: жұмыс кезінде таспаға (2) ешқашан майлау материалын жақпаңыз, себебі бұл тарту күшін азайтып, электр құралдың функциясына теріс әсер етуі мүмкін.