Қолданысқа енгізу

  • Электр құралын қосу үшін қосу/өшіру түймесін (21) кемінде 1 секунд бойы басыңыз.
    Қосу/өшіру индикаторы (20) жанады.
    GNH18V-64-3M: бірмәртелі іске қосу режимі іске қосылып, (26) индикаторы жанады.
  • Электр құралын өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (21) кемінде 1 секунд бойы басыңыз.

  • Ауызды (15) немесе қажеттілікке қарай резеңкелі дайындама қорғағышын (1), іске қосу сақтандырғышы (2) толығымен басылғанша, дайындамаға берік орнатыңыз.
    Жұмыс шамы (8) қосылады.
  • Содан кейін іске қосу құрылғысын (4) қысқа уақыт басыңыз да, жіберіңіз.
    Сонда шеге шығарылады.
  • Кейінгі қағу процесі үшін электр құралын дайындамадан толықтай шығарып, оны қалаулы жақын жерге берік орнатып қойыңыз.
    Оған қоса тағы бір шеге ату үшін іске қосу сақтандырғышын (2) басып тұруға және іске қосу құрылғысын (4) пайдалануға болады.

(GNH18V-64-3M)

  • Режим түймесін (25) қысқаша басу арқылы түйіспелі іске қосу режимін белсендіріңіз.
    Түйіспелі іске қосу индикаторы (27) жанады.
  • Іске қосу құрылғысын (4) басып тұрыңыз.
    Жұмыс шамы қосылады.
  • Ауызды (15) немесе қажеттілікке қарай резеңкелі дайындама қорғағышын (1), іске қосу сақтандырғышы (2) толығымен басылғанша, дайындамаға берік орнатыңыз.
    Сонда шеге шығарылады.
  • Қағу әрекетін жалғастыру үшін іске қосу құрылғысын (4) ары қарай басып тұрыңыз және электр құралын дайындамадан толықтай көтеріп алыңыз. Оны қалаулы жақын жерге берік орнатып қойыңыз.
  • Режим түймесін (25) қайта басу арқылы бірмәртелі іске қосу режиміне ауысыңыз.
    Бірмәртелі іске қосу индикаторы (26) жанады.