Желдеткішті монтаждау
Қарнақ бекіткіштерінің көмегімен қарнақтарға монтаждау (G суретін қараңыз)
Желдеткішті екі білеу бекітішінің (13) көмегімен білеуге (макс. диаметрі 20 мм) бекітуге болады.
- Білеу бекіткіштерін (13) білеу үстіне орналастырып, желдеткішті білеуге қарай жылжытыңыз.
Штатив бұрандасының көмегімен штативке монтаждау (H суретін қараңыз)
Штативті пайдалану бойынша нұсқаулар
- Ммонтаждалған желдеткішті штатив үстінде тек тік күйінде пайдаланыңыз.
- Штатив аяқтарын реттеп, штативтің тұрақты тұруын және ортаңғы бағанасының тігінен орналасуын қамтамасыз етіңіз.
- 3 кг шамасынан артық көтерімділігі бар штативті пайдаланыңыз.
Желдеткішті штативке монтаждау
- Желдеткіштің штатив бекіткішін (14) штативтің бекіткіш бұрандасы (5/8") арқылы орналастырыңыз және желдеткішті бекіткіш бұрандаға қойыңыз.
Нұсқау: желдеткіштің штатив бекіткіші (14) бекіткіш бұрандаға толығымен орналасатынына көз жеткізіңіз.
- Желдеткішті штативке бекіту үшін желдеткішті сағат тілінің бағытымен тірелгенше бұраңыз.