Құлаудан сақтандыру құралдарымен бірге пайдалану

Электр құралындағы құлаудан сақтандыру құралының бекіту аймағының жүккөтергіштігіA)

6 кг (13,2 фунт)

Құлаудан сақтандыру құралының максималды ұзындығы

1,1 м (3,6 фут)

A)

Бұл электр құралын, сондай-ақ оған тіркелген барлық аспалы бөлшектер мен керек-жарақтарды қамтиды.

Құлаудан сақтандыру құралы (14) ретінде Bosch ұсынған сақтандырғыш белдігін (2 607 990 161) пайдаланыңыз.

Құлаудан сақтандыру құралын монтаждау (A суретін қараңыз)

Құлаудан сақтандыру жүйесін пайдалану үшін құлаудан сақтандыру құралын (14) электр құралындағы құлаудан сақтандыру құралының бекіту аймағына (15) бекітіңіз. Ілмегі бар құлаудан сақтандыру құралы үшін A суретінде көрсетілгендей бекіту аймағын ораңыз. Ілмекті қатайтып, ілмектің өзі бұралмағанына көз жеткізіңіз.

Нұсқау: құлаудан сақтандыру құралын (14), суретте көрсетілгендей, тісті төрткілдештің ретракторына (5) емес, тікелей тісті төрткілдешке (2) бекітіңіз.

Пайдалану бойынша нұсқаулар