Пайдалануға ендіру

Нұсқау: электр құралын картридж салынған күйде ғана пайдаланыңыз.

Электр құралын қосу үшін алдымен  бетінің сол жағындағы құлыпты (7) басып, оны ажыратыңыз. Содан кейін ажыратқышты (10) басып тұрыңыз.

Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (10) жіберіңіз. Тісті төрткілдеш бірден тұрақ күйіне жылжып, материалдың әрі қарай егілуіне жол бермейді.

Егер ажыратқыш (10) өшірілгеннен кейін шамамен 20 секунд ішінде қайта басылса, тісті төрткілдеш жоғары жылдамдықпен соңғы жұмыс күйіне жылжиды. Бұл күйге жеткенде, беріліс қайтадан реттелген беріліс жылдамдығына бейімделеді.

Ажыратқышты (10) кенет басылудан бұғаттау үшін  бетінің оң жағындағы құлыпты (7) басып, оны іске қосыңыз.

Беріліс жылдамдығын реттегіш дөңгелектің (6) көмегімен тісті төрткілдештің максималды беріліс жылдамдығын алдын ала таңдауға болады. Жоғары мәндер жоғары беріліс жылдамдығын, ал төмен мәндер төмен беріліс жылдамдығын білдіреді. Алдын ала таңдалған мәнді жұмыс істеу кезінде де өзгертуге болады.

Ажыратқышты (10) басу күшін өзгерте отырып, тісті беріліс жылдамдығын алдын ала таңдалған мәнге дейін біртіндеп қосымша реттеуге болады.

Егілетін материалдың мөлшері бүріккіш форсунка саңылауының өлшеміне де байланысты болады.

Рұқсат етілген температурадан артып кетсе картридждік пресс өшеді. Картридждік прессти суытып қайта қосыңыз.