Қызмет көрсету және тазалау

Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс.

Бағыттауыш шина қуысын реттеу (D суретін қараңыз)

Егер электр құралы бұрғылау кезінде қатты дірілдесе немесе бағыттауыш шинада қуыс көрінсе, бағыттауыш шина қуысының енін реттеу қажет. Бұл алмалы-салмалы аспаптың сынуына және электр құралының зақымдалуына жол бермейді.

Сізге алты қырлы дөңбек кілт (2,5 мм) және сақиналы немесе айыр тәрізді кілт (8 мм) қажет болады.