Магниттік бұрғыларға арналған қауіпсіздік техникасының нұсқаулары
- Жұмыс айналасында өзіңізді қоса жүрекширатқышы немесе басқа медициналық импланттары бар адамдар бар болса, бұл құралды пайдаланбаңыз. Жүрекширатқыштар мен басқа медициналық импланттарда құралдан шығатын магниттік өрістерге байланысты ақау пайда болуы және бұл жарақат алуға әкелуі мүмкін.
- Әр пайдалану алдында әрдайым қауіпсіздік бауында тозған немесе зақымдалған жерлердің бар-жоғын тексеріңіз. Тозған немесе зақымдалған қауіпсіздік бауы пайдалану кезінде күтпеген жерден бұзылып, жарақат алуға әкелуі мүмкін.
- Магниттік бұрғыны қара металға ғана бекітіңіз. Магниттік тұғыр тот баспайтын болаттың магниттік емес сұрыптары сияқты түрлі-түсті металдарға тиісінше бекітілмейді.
- Бұрғы білдекті жұмыс бетіне бекітпес бұрын бетті тазартыңыз. Бояу, тот немесе қақ магниттің ұстау күшін азайтады. Магниттік тұғырдың бетіндегі жоңқа, қылау, кір мен басқа бөгде заттар да ұстау күшін азайтады.
- Магниттік тұғырды әрдайым біркелкі әрі тегіс жұмыс бетіне бекітіп қойыңыз. Дайындама түзу емес, тегіс емес немесе жалпақ емес болса, магниттік тұғыр дайындамадан босап кетіп, құралдың немесе дайындаманың күтпеген қозғалысына және жарақат алуға әкелуі мүмкін.
- Дайындаманы тұрақты платформаға бекіту және тіреу үшін қысқыштарды немесе басқа тиімді тәсілдерді пайдаланыңыз. Денеге түсетін әсерді, кептелуді немесе бақылау мүмкіндігінен айырылуды барынша азайту үшін дайындаманы тиісінше тіреген маңызды.
- Бұрғы қозғалтқышын қоспас бұрын әрдайым құралды дайындамаға бекітуе арналған немесе ұсынылған қауіпсіздік бауын пайдаланыңыз. Магниттік тұғыр дайындамадан босап кетіп, құралдың немесе дайындаманың күтпеген қозғалысына және жарақат алуға әкелуі мүмкін.
- Бұрғы қозғалтқышын қоспас бұрын әрдайым магниттік тұғырды белсендіріп, оның дайындамаға берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Магниттік тұғыр дайындамаға бекітілмеген жағдайда, бұл құралдың немесе дайындаманың күтпеген қозғалысына және жарақат алуға әкелуі мүмкін.
- Әрдайым дайындаманың бекітілген немесе тұрақты күйде болғанына көз жеткізіңіз. Дайындаманың күтпеген қозғалысы жарақат алуға әкелуі мүмкін.
- Құралды дайындамадан шығарып алу кезінде тұрақтылық сақтағаныңызға және құралды бақылау мүмкіндігіңіз болғанына көз жеткізіңіз. Құралды дайындамадан шығарып алу кезінде бақылау мүмкіндігінен айырылсаңыз, жарақат алуыңыз мүмкін.
- Құрал жұмыс істеп тұрғанда, қолыңызды бұрғылау аймағынан алшақ ұстаңыз. Айналып тұрған бөлшектердің немесе жоңқаның тиюі жарақат алуға әкелуі мүмкін.
- Қондырманы дайындамаға енгізбес бұрын оның айналып тұрғанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе керек-жарақ дайындамада қысылып, дайындаманың күтпеген қозғалысын тудыруы және жарақат алуға әкелуі мүмкін.
- Бұрғылау кезінде бұрғыны енгізу үшін артық күш салмаңыз. Енгізу үшін артық күш салу нәтижесінде магниттік тұғыр дайындамадан босап кетіп, құралдың немесе дайындаманың күтпеген қозғалысына және жарақат алуға әкелуі мүмкін.
- Төмен бағытталған қысымды жүйелі түрде кідірту арқылы ұзын жоңқаның пайда болуына жол бермеңіз. Өткір металл жоңқасы шатасуға әкеліп, жарақат тигізуі мүмкін.
- Құрал жұмыс істеп тұрғанда, бұрғылау аймағынан жоңқаны ешқашан шығармаңыз. Жоңқаны шығару үшін қондырманы дайындамадан алыстатып, бұрғы қозғалтқышын өшіріңіз де, қондырма тоқтағанша күтіңіз. Жоңқаны шығару үшін қылшақ немесе ілмек сияқты құралдарды пайдаланыңыз. Айналып тұрған бөлшектердің немесе жоңқаның тиюі жарақат алуға әкелуі мүмкін.
- Салқындатқыш сұйықтықтың қолданылуын қажет ететін бұрғылау жұмысын орындаған кезде салқындатқыш сұйықтықты пайдаланушының жұмыс аймағынан ары бағыттаңыз немесе сұйықтық жинайтын құрылғыны пайдаланыңыз. Мұндай алдын алу шаралары пайдаланушының жұмыс аймағын құрғақ күйде сақтап, ток соғу қаупін азайтады.
- Қондырма қысылған жағдайда, төмен бағытталған қысым қолдануды тоқтатып, құралды өшіріңіз. Қондырма қажалуының себебін жою үшін мәселені зерттеп, түзетпе шаралар қолданыңыз.
- Дайындамада бұрғылау жұмысын қайта бастаған кезде алдымен қондырманың еркін айналуын тексеріңіз. Егер қондырма қажалып қалса, ол іске қосылмауы, құралға артық жүктеме түсіруі немесе бұрғы білдектің дайындамадан босап қалуына әкелуі мүмкін.
- Құрал өшірілмегенше және қондырма толықтай тоқтамағанша, магниттік тұғырды өшірмеңіз. Магниттік тұғырдың мерзімінен бұрын өшірілуі құралдың немесе дайындаманың күтпеген қозғалысына және жарақат алуға әкелуі мүмкін.
- Кесетін керек-жарақтан жасырын сымдар немесе өз сымына тиюі мүмкін әрекеттерді жасаған кезде электр құрылы оқшауланған ұстау жайынан ұстаңыз. Егер кесуші аспап істеп тұрған сымға тисе электр құралының метал бөлшектерін істетіп пайдаланушыны тоқ соғуы мүмкін.
- Қабырға немесе төбеден өткізіп бұрғылауда, басқа жағында адамдар және жұмыс аймағын қорғауды қамтамасыз етіңіз. Ұшы тесіктен өтіп басқа жағында түсіп кетуі мүмкін.
- Суыту сұйықтығының багын тік немесе еңіс беттер бойынша бұрғылау немесе бас үстінен бұрғылау кезінде пайдалануға болмайды. Суытқыш көбікті пайдаланыңыз. Құралға су тимегенін қадағалаңыз. Егер электр құралына су тисе, ток соғу қаупі аса жоғары болады.
- Қолғап кимеңіз. Қолғап айналып тұрған бөліктер немесе сынықтар арқылы тартылып жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.
- Керек-жарақтардың есептелген жылдамдығы кемінде электр құралында белгіленген максималдық жылдамдыққа тең болуы керек. Есептелген жылдамдығынан тезірек істеп тұрған керек-жарақтар сынуы, ұшып кетуі мүмкін.
- Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
- Электр құралын ешқашан жинақтағы авариялық тоқ қрғағыш өшіргішісіз (PRCD) пайдаланбаңыз.
- Жұмысты бастамас бұрын жылыстау тогынан қорғайтын ажыратқыштың (PRCD) дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеріп шығыңыз. Зақымдалған жылыстау тогынан қорғайтын ажыратқышты (PRCD) Bosch қызмет көрсету орталығына жөңдеуге немесе ауыстыруға беріңіз.
- Сырғанамайтын аяқ киімін киіп жүріңіз. Осылайша жылтыр беттерде сырғанау себебінен пайда болатын жарақат алудың алдын аласыз.
- Құрал толық тоқтағаныша оне ешқашан қалдырмаңыз. Әлі айналып тұрған алмалы-салмалы аспаптар жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
- Бұрғылайтын білдектің жалғағыш кабелін жұмыс аймағынан алшақ ұстаңыз. Зақымдалған немесе шиеленіскен кабель электр тогының соғу қауіпін арттырады.
- Электр құралына артық жүктеме түсірмеңіз және оны саты немесе тірек ретінде пайдаланбаңыз. Электр құралына артық жүктеме түсіру немесе оның үстінде тұру электр құралының ауырлық орталығы жоғары жылжып, оның аударылуына әкелуі мүмкін.
- Желіге қосылған электр құралын тек қорғаныш сымы бар және өлшемі жеткілікті ток желілерінде пайдалануға болады.
- Электр құралын бас үстінен пайдалану кезінде әрдайым екі адам жұмыс істеуі керек.
- Электр құралының кездейсоқ тербелу әрекетінен түсіп қалу қауіпі бар. Рамада жұмыс істегенде, электр құралы іске қосылғанда немесе ток өшкенде кездейсоқ тербелу қозғалысы пайда болуы мүмкін. Электр құралын берілген сақтандырғыш таспамен бекітіңіз. Сақтандырғыш таспаны қолдану арқылы өзіңізді құлап қалудан сақтаңыз.
- Өңделетін дайындаманы қоса бүкіл жұмыс аймағын таза ұстаңыз. Өткір қырлы бұрғылау жоңқасы мен бөгде заттар жарақаттануға әкелуі мүмкін. Материал қоспалары өте қауіпті. Жеңіл металл шаңы жанып жарылуы мүмкін.
- Жұмыстан соң алмалы-салмалы аспап суығанша тимеңіз. Алмалы-салмалы аспап жұмыс істеген кезде қатты қызады.
- Жұмыс процесі аяқталғаннан кейін бағыттауыш штифтен шығарылатын кернге тимеңіз. Керн өте ыстық болуы мүмкін.
- Металл жоңқасы әдетте өте өткір және ыстық болады. Оған еш жағдайда жалаңаш қолмен тимеңіз. Магниттік жоңқа жинағышпен және жоңқа ілмегімен немесе басқа арнайы құралмен тазалаңыз.
- Кабельді жүйелі түрде тексеріп зақымдалған кабельді тек Bosch электр құралыдарыңың өкілетті сервистік қызметыне жөндетіңіз. Зақымдалған ұзартқыш кабелін алмастырыңыз. Сол арқылы электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
- Электр құралды зақымдалған кабельмен пайдаланбаңыз. Егер кабель жұмыс істеу кезінде зақымдалса зақымдалған кабельді тимей желі айырын шығарыңыз. Зақымдалған кабель электр тоғының соғу қаупін арттырады.
- Магниттің ұсталуы дайындаманың қалыңдығына тәуелді. Үздік ұсталуы қалыңдығы кем дегенде 20 мм болатын көміртегі аз болатта қамтамасыз етіледі. Қалыңдығы азырақ болатын болатта бұрғылау кезінде магниттік тіреу тақтасының астына қосымша болат тақтаны (минималды өлшемдері 100 x 200 x 20 мм) қою керек. Болат тақтаны түсіп қалудан бекітіңіз.
- Жеке розеткаларында пайдаланылатын басқа электрлік құрылғылар біркелкі емес кернеуді тудырып, магниттің босап кетуіне апарып соғуы мүмкін. Бір розеткада тек электр құралының өзін ғана пайдаланыңыз.
- Сақиналы бұрғылау коронкаларын суыту сұйықтығынсыз пайдаланбаңыз. Суыту сұйықтығының деңгейін әрдайым жұмысты бастамас бұрын тексеріңіз.
- Қозғалтқышты қорғаңыз. Қозғалтқышта ешқашан суыту сұйықтығының, судың немесе басқа сұйықтықтардың қалуына жол бермеңіз.
- Құрылғыны еш жағдайда қате немесе төмен кернеумен пайдалануға әрекеттенбеңіз. Тиісті кернеу мен жиіліктің пайдаланылғанына көз жеткізу үшін фирмалық тақтайшаны қараңыз.
- Пайдаланбаған электр құралын дұрыс сақтаңыз. Жататын жері құрғақ және жабылатын болуы керек. Осылай электр құралы жатқан жерінде зақымдалуы немесе тәжирібесіз адамдар пайдалануына жол бермейсіз.
- Электр құралын тиісті тәртіппен жерге тұйықталған ток желісіне жалғаңыз. Розетка мен ұзартқыш кабельде ақаусыз қорғаныш сым болуы қажет.

Магнитті имплантаттардың немесе кардиостимулятор немесе инсулин сорғысы сияқты басқа да медициналық құрылғылардың жанына қоймаңыз. Магнит имплантаттардың немесе медициналық құрылғылардың жұмысына әсер ететін өріс тудырады.
- Электр құралын магниттік дерек тасығыштары мен магнитке сезімтал құрылғылардан алшақ ұстаңыз. Магнит әсері деректердің біржолата жойылуына әкелуі мүмкін.