Белгілер

Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда маңызды болуы мүмкін. Белгілер менен олардың мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.

Белгілер мен олардың мағынасы

ЕСКЕРТУ! Құрылғыны жаңбыр жауған кезде пайдалануға тыйым салынады.

ЕСКЕРТУ! Сақтандырғыш таспаны пайдаланбас бұрын, оның ақаусыз жұмыс істегеніне көз жеткізіңіз. Ешқашан зақымдалған сақтандырғыш таспаны пайдаланбаңыз. Оны дереу алмастырыңыз.

Кардиостимуляторы немесе басқа медициналық импланттары бар адамдар осы электр құралын пайдаланбауы тиіс.

Металл заттар мен сағат ұстауға тыйым салынады. Магнит имплантаттардың немесе медициналық құрылғылардың жұмысына әсер ететін өріс тудырады.

ЕСКЕРТУ! Электр құралы тік жазықтықта, бас үстінен және қиғаш жерлерде бұрғылау кезінде сақтандырғыш таспамен бекітілуі тиіс.

ЕСКЕРТУ! Алмалы-салмалы аспапты және керек-жарақтарды алмастыру кезінде қолыңызды олардың астында ұстамаңыз.

ЕСКЕРТУ! Бұрғылау алдында магнит күшінің жеткілікті екендігіне көз жеткізіңіз. Дайындама беті тегіс, таза және жеткілікті қалың болуы тиіс.

Максималды саңылау диаметрі
бұрғылау коронкасымен: 38 мм

Максималды саңылау диаметрі
спиральдік бұрғымен: 13 мм