Құралды алмастыру (A суретін қараңыз)

  • Бұрғылау коронкалары: шығару істігін (23) бұрғылау коронкасына (22) енгізіңіз (TCT және HSS бұрғылау коронкалары әртүрлі диаметрлі шығару істіктерін қажет етеді.
  • Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне (8) толықтай енгізіңіз.
  • Бүйірлік қысу жазықтықтарын (18) жасырын бұрандалармен (9) туралаңыз.
  • Жасырын бұрандаларды алты қырлы дөңбек кілтпен (5 мм) мықтап тартыңыз.

  • Адаптерді (19) құрал бекіткішіне (8) толықтай енгізіңіз.
  • Бүйірлік қысу жазықтықтарын (18) жасырын бұрандалармен (9) туралаңыз.
  • Жасырын бұрандаларды алты қырлы дөңбек кілтпен (5 мм) мықтап тартыңыз.
  • Адаптерді (19) тісті тоғыны бар бұрғылау патронына (20) бұрап кіргізіңіз.
  • Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (20), спиральді бұрғы (21) енгізілгенше бұрау арқылы ашыңыз. Спиральді бұрғыны енгізіңіз.
  • Бұрғылау патронының кілтін тісті тоғыны бар бұрғылау патронының тиісті саңылауларына енгізіп, спиральді бұрғыны біркелкі етіп қысыңыз.

  • Жасырын бұрандаларды (9) босатып, алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішінен (8) тартып шығарыңыз.