Қолданысқа енгізу

  • Электр құралын орналастырып бекітіңіз.
  • Электр құралын қосу үшін қозғалтқыш ажыратқышының (2) I түймесін басыңыз.

Нұсқау: электр құралын магнит алдын ала қосылған болса ғана қосуға болады.

  • Электр құралын өшіру үшін қозғалтқыш ажыратқышының (2) O түймесін басыңыз.
  • Электр құралы толық тоқтағанша күтіңіз.
  • Магнитті өшіру үшін магнит ажыратқышын (1) төмен қарай басыңыз.

Қайта іске қосылудан қорғаныс, қуат берілуі үзілгеннен кейін, электр құралының бақылаусыз іске қосылуына жол бермейді.

  • Қайта іске қосу үшін қозғалтқыш ажыратқышының (2) I түймесін басыңыз.

Электр құралы артық жүктемеден қорғаныспен жабдықталған. Мақсатына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралына артық жүктеме түспейді. Тым қатты жүктеме түскен жағдайда, термосақтандырғыш (3) электр құралын өшіреді. Магнит белсенді күйде қалады.

Электр құралымен қайтадан жұмыс істемес бұрын төмендегі қадамдарды орындаңыз:

  • Бітелуі мүмкін жерлерді тазартыңыз.
  • Термосақтандырғышты (3) басыңыз.
  • Электр құралын кейін қайта іске қосу үшін қозғалтқыш ажыратқышының (2) I түймесін басыңыз.
  • Электр құралын шамамен 1 минут ішінде жұмыс істетіңіз де, ол қайтадан пайдалануға дайын болады.

Оған қоса электр құралы балқыма сақтандырғышпен жабдықталған. Электр құралын бұдан былай қосу мүмкін болмаса, сақтандырғышты Bosch компаниясында немесе Bosch электр құралдарына арналған өкілеттік қызмет көрсету орталығында алмастыру керек.