Жұмыс істеуге дайындық
- Қиғаш немесе тік күйде немесе бас үстінен орындалатын кез келген жұмыстар кезінде электр құралын жинақтағы сақтандырғыш таспамен түсіп қалудан сақтаңыз.
- Пайдаланбас бұрын сақтандырғыш таспаның ақаусыз жұмысын тексеріп шығыңыз. Еш жағдайда зақымдалған сақтандырғыш таспаны пайдаланбаңыз, оны дереу алмастырыңыз.
- Сақтандырғыш таспаны (28) электр құралына мүмкіндігінше саңылаусыз бекітіңіз.
- Сақтандырғыш mаспаны бекіткіш (7) арқылы өткізіп, дайындамаға қойыңыз.
- Сақтандырғыш таспаны тіреуіш механизмнің (26) көмегімен тартыңыз.
- Сақтандырғыш таспаны босату үшін тіреуіш механизмдегі ысырманы (27) басып, сақтандырғыш таспаны тартып шығарыңыз.
- Сақтандырғыш таспаны электр құралы сырғыған жағдайда өзіңізден ары жылжитындай етіп орналастырыңыз.