Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторындағы 3 жасыл түсті жарықдиод аккумулятор зарядының деңгейін көрсетеді.
Жарықдиод | Қуаты |
|---|---|
Үздіксіз жарық 3 × жасыл | 68–100 % |
Үздіксіз жарық 2 × жасыл | 22–68 % |
Үздіксіз жарық 1 × жасыл | 2–22 % |
Жыпылықтайтын жарық 1 × жасыл | 0–2 % |
Артық жүктемеден жылу қорғанышы
Мақсатына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралына артық жүктеме түспейді. Тым қатты артық жүктеме түскен жағдайда, электроника электр құралын ол қайтадан оңтайлы жұмыс температурасына жеткенше өшіреді.
Осы күй туралы аккумулятор заряды деңгейінің индикаторындағы үш жарық диоды үздіксіз жану арқылы сигнал береді. Жарық диодтары электр құралы қайтадан жұмыс температурасына жеткенде сөнеді.