Пайдалануға ендіру
Қосу/өшіру
Электр құралын іске қосу үшін ажыратқышты (5) алға жылжытыңыз.
Ажыратқышты (5) орнату үшін ажыратқышты (5) алдыңғы жағынан төмен қарай тірелгенше басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (5) жіберіңіз немесе ол бұғатталған болса, ажыратқышты (5) артқы жағынан кішкене төмен басып, сонан соң жіберіңіз.
Қайта қосылудан қорғаныс
Қайта қосылудан қорғаныс қуаттандырудан кейін электр құралының бақылаусыз іске қосылуын болдырмайды.
Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (5) өшірілген күйге келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.
Нұсқау: тым жылдам өшіріп қайта қосу кезінде қайта қосылудан қорғаныс іске қосылып, электр құралы ажыратқыш (5) қосулы болса да жұмыс істемеуі мүмкін. Ажыратқышты (5) өшірілген күйге келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.

