Пайдалану бойынша нұсқаулар
- Фрезаларды соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз.
- Фрезерлеу процесін үнемі фрезаның (18) айналу бағытына қарсы орындау керек (кері қозғалыс). Қозғалыс бағытымен (синхронды қозғалыс) фрезерлеу кезінде электр құралын қолмен жүргізуге болады.
Батырмалы блокпен фрезерлеу
Қажетті фрезерлеу тереңдігін реттеңіз.
Фрезасы орнатылған электр құралын өңделетін дайындамаға қойып, электр құралын қосыңыз.
Батыру функциясына арналған құлыптан босату иінтірегін төмен қарай басып, жоғарғы фрезаны реттелген фрезерлеу тереңдігіне жеткенше баяу төмен қарай жылжытыңыз. Батыру тереңдігін бекіту үшін құлыптан босату иінтірегін қайта жіберіңіз.
Фрезерлеу процесін біркелкі алға жылжыту арқылы орындаңыз.
Фрезерлеу процесі аяқталған соң, жоғарғы фрезаны ең жоғарғы күйге қайтарыңыз.
Фрезерлеуден соң электр құралын өшіріңіз.
Көшіру блогымен фрезерлеу
Қажетті фрезерлеу тереңдігін реттеңіз.
Электр құралын қосып, өңделетін жерге апарыңыз.
Фрезерлеу процесін біркелкі алға жылжыту арқылы орындаңыз.
Электр құралын өшіріңіз.
- Фрезер толық тоқтағанша электр құралын алып қоймаңыз. Әлі айналып тұрған алмалы-салмалы аспаптар жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Үлкен дайындамаларды өңдеу үшін, мысалы, ойықтарды фрезерлеу кезінде, тақтаны немесе планканы көмекші тірек ретінде бекітіп, жоғарғы фрезаны осы тірек бойымен өткізуге болады. Батырмалы блокты (38) пайдаланған кезде көп функциялы фрезаны сырғу тақтасының майысқан жағымен көмекші тірек бойымен жылжытыңыз.
Параллель тірексіз жиектерді және профидьдерді фрезерлеу кезінде фреза бағыттағыш шетмойынмен немесе шарикті подшипникпен жабдықталуы керек.
Қосылған электр аспапты бағыттағыш шетмойын немесе шарикті подшипник дайындаманың өңделетін жиегіне тірелетіндей етіп қойыңыз.
Электр құралын дайындама шеті жағалай басқарыңыз. Сонымен қатар, тік бұрышты қойылуын қадағалаңыз. Тым қатты күш түсірген жағдайда дайындама жиегі зақымдануы мүмкін.
Параллель тіректі (28) бағыттауыш қарнақтармен (30) тірек тақтасына (5) жылжытып, оны бұрандалармен (4) қажетті өлшеміне сәйкес тартыңыз.
Қатпарлы бұрандалардың (29) көмегімен параллель тіректі бойлай да реттеуге болады.
Айналмалы тұтқаның (31) көмегімен екі қатпарлы бұранданы (29) босатқаннан кейін ұзындықты дәлдеп реттеуге болады. Бір айналым қондырғының 2,0 мм жүрісіне тең, айналмалы тұтқадағы (31) бір бөлік қондырғының 0,1 мм жүрісіне тең. Ортаға келтіру білігінің (32) ұшы дайындама бетіне ілінгеніне көз жеткізіңіз.
Тірек планкасының (33) көмегімен параллель тіректің тиімді тірек бетін өзгертуге болады.
Қосылған электр құралын біркелкі алға қарай жүріспен және параллель тіректі бүйірінен қысу арқылы дайындама жиегінің бойымен жүргізіңіз.
Көшіру гильзасының (37) көмегімен контурларды үлгілер мен шаблондардан дайындамаға түсіруге болады.
Көшіру гильзасын шаблон немесе үлгі қалыңдығына сәйкес таңдаңыз. Көшіру гильзасының шығып тұратын биіктігінен шаблон қалыңдығы 8 мм-ден кем болмауы тиіс.
Көшіру гильзасын (37) қолдану үшін алдымен көшіру гильзасының SDS адаптерін (34) сырғу тақтасына (6) енгізу қажет.
Көшіру гильзасының адаптерін (34) жоғарыдан сырғу тақтасына (6) енгізіп, 2 бекіткіш бұрандамен (35) бұрап бекітіңіз. Көшіру гильзасының адаптерін құлыптан босату иінтірегінің (36) еркін жылжу мүмкіндігін қадағалаңыз.
Құлыптан босату иінтірегін (36) көрсеткі бағытымен жылжытып, көшіру гильзасын (37) астыңғы жақтан көшіру гильзасының SDS адаптеріне (34) енгізіңіз. Бұл ретте кодтау жұдырықшалары көшіру гильзасының (37) саңылауларына аздаған күшпен бекітілуі керек.
Фреза ортасы мен көшіру гильзасының жиегінен арақашықтықты тексеріңіз қараңыз Тірек тақтасын ортаға келтіру (N суретін қараңыз).
- Көшіру гильзасының ішкі диаметрінен кіші болатын фреза диаметрін таңдаңыз.
Фрезерлеу процесі
Нұсқау: Фреза (18) негізгі тақтадан (5) әрдайым шығып тұруына көз жеткізіңіз. Шаблон немесе дайындаманы қазымдамаңыз.
Көшіру гильзасы (37) бар қосулы электр құралын шаблон бойынша жүргізіңіз.
Батырмалы блокты (38) пайдаланған жағдайда батыру функциясына арналған құлыптан босату иінтірегін төмен қарай басып, жоғарғы фрезаны реттелген фрезерлеу тереңдігіне жеткенше баяу төмен қарай жылжытыңыз. Батыру тереңдігін бекіту үшін құлыптан босату иінтірегін қайтадан жіберіңіз.
Шығыңқы көшіру гильзасы (37) бар электр құралын бүйірінен қысу арқылы шаблон бойымен жүргізіңіз.
Фреза ортасынан көшіру гильзасының жиегіне дейінгі арақашықтық бірдей болуы үшін, көшіру гильзасын (37) және сырғу тақтасын (6) қажетінше бір-біріне ортаға келтіруге болады.
Батырмалы блокты (38) пайдаланған жағдайда батыру функциясына арналған құлыптан босату иінтірегін төмен қарай басып, жоғарғы фрезаны реттелген фрезерлеу тереңдігіне жеткенше баяу төмен қарай жылжытыңыз. Батыру тереңдігін бекіту үшін құлыптан босату иінтірегін қайтадан жіберіңіз.
Бекіткіш бұрандаларды (39) сырғу тақтасы (6) еркін қозғалатындай шамамен 2 айналымға бұрап босатыңыз.
Ортаға дәлдеу жақтауын (40) суретте көрсетілгендей құрал бекіткішіне орнатыңыз. Салмалы гайканы ортаға дәлдеу жақтауы еркін айналатындай етіп тартыңыз.
Ортаға дәлдеу жақтауын (40) және көшіру гильзасын (37) сырғу тақтасын (6) кішкене жылжыту арқылы бір-бірімен туралаңыз.
Бекіткіш бұрандаларды (39) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Ортаға дәлдеу жақтауын (40) құрал бекіткішінен шығарыңыз.
Батырмалы блокты (38) пайдаланған жағдайда батыру функциясына арналған құлыптан босату иінтірегін басып, жоғарғы фрезаны ең жоғарғы күйге қайтарыңыз.
Жиектерді өңдеу үшін сорғыш қаптаманы (41) қосымша пайдалануға болады.
Сорғыш қаптаманы (41) 2 бұрандамен тірек тақтасына (5) бекітіңіз. Сорғыш қаптаманы (41), суретте көрсетілгендей, 3 түрлі позицияда бекітуге болады.
Жылтыр тегіс беттерді өңдеу үшін сорғыш қаптаманы қайтадан алып тастаңыз.
FSN-OFA адаптерін (1 600 Z00 00G) пайдаланыңыз.