Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Нұсқау: әр аккумулятор түрінде заряд деңгейінің индикаторы болмайды.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторындағы жасыл түсті жарық диодтары аккумулятордың заряд деңгейін көрсетеді. Қауіпсіздік тұрғысынан заряд деңгейін электр құралының жұмыссыз күйінде ғана шақыруға болады.
Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің индикаторына арналған
немесе
түймесін басыңыз. Мұны аккумулятор шығарылғанда да орындауға болады.
Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені басқаннан кейін ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек екендігін білдіреді.
Аккумулятор зарядының деңгейі пайдаланушы интерфейсінде де көрсетіледі қараңыз .
Бетонды нығыздауға арналған аккумуляторлық дірілдеткіш жүйеде аккумулятордың қалған заряд деңгейі бойынша тактильді мен акустикалық кері байланыс функциясы бар.
Аккумулятор сыйымдылығы 20%-дан жоғары көтерілген және 10%-төмен түсірілген жағдайда, ішкі дірілдеткіштің GDI… айналу жиілігі қысқа уақытқа сәйкесінше бірнеше рет көтеріледі және төмендетіледі. Айналу жиілігінің осындай өзгерісі тактильді түрде де, акустикалық түрде де сезіледі.
Заряд деңгейі бойынша кері байланыс функциясына температура өзгерістері, пайдалану тәртібі, аккумулятордың ескіруі және пайдалану барысы әсер етуі мүмкін.

