Аккумулятор зарядталмай жатыр
Аккумулятор зарядталмай жатыр және индикаторлар жанбай тұр
Себебі: зарядтағыш құрылғының желілік ашасы (дұрыс) салынбаған
Шешімі: желілік ашаны розеткаға (толықтай) салып қойыңыз.
Себебі: розетка, желілік кабель немесе зарядтағыш құрылғы бұзылған
Шешімі: желілік кабельді және желілік ашаны тексеріп шығыңыз. Қажет болса, зарядтағыш құрылғыны өкілетті қызмет көрсету орталығында тексертіңіз.
Аккумулятор зарядталмай жатыр және күй индикаторларының (3) екеуі де қызыл түспен жанып тұр
Себебі: зарядтағыш құрылғыда ішкі қате анықталды
Шешімі: желілік ашаны суырып, зарядтағыш құрылғының суып қалғанына көз жеткізіңіз. Желілік ашаны қайта салыңыз. Қажет болса, зарядтағыш құрылғыны өкілетті қызмет көрсету орталығында тексертіңіз.
Аккумулятор зарядталмай жатыр және күй индикаторы (3) қызыл түспен жанып тұр
Себебі: зарядтағыш құрылғы аккумуляторда қатені анықтады
Шешімі: аккумулятор толықтай және дұрыс салынғанына және аккумулятор және/немесе зарядтау түйіспелерінің таза болғанына көз жеткізіңіз. Желілік ашаны суырып, қайтадан салыңыз. Ақау қайтадан орын алса, аккумуляторды өкілетті қызмет көрсету орталығында тексертіңіз.
Себебі: аккумулятор ақаулы
Шешімі: аккумуляторды алмастырыңыз.
Аккумулятор зарядталмай жатыр және күй индикаторы (3) сары түспен жанып тұр
Себебі: аккумулятор температурасы рұқсат етілген зарядтау температураларының диапазонынан тыс
Шешімі: аккумулятор температурасы рұқсат етілген зарядтау температураларының диапазонынан жоғары болса қараңыз Зарядтау процесі, зарядтағыш құрылғының Active Air Cooling функциясы іске қосылып, аккумуляторды, оның температурасы рұқсат етілген зарядтау температураларының диапазонына қайта оралғанша суытады қараңыз .
Аккумулятор температурасы рұқсат етілген зарядтау температураларының диапазонынан төмен болса қараңыз Зарядтау процесі, аккумулятор температурасы рұқсат етілген зарядтау температураларының диапазонына қайта оралғанша күтіңіз.