Пайдаланушы интерфейсі
Пайдаланушы интерфейсі (9) келесі мақсаттар үшін қолданылады:
- Электр құралдың орналасуынан тыс таспа ұзындығының индикаторы қараңыз Электр құралдың орналасуынан тыс таспа ұзындығының индикаторы
- Электр құрал күйінің индикаторы қараңыз Күй индикаторлары
- Жұмыс режимін реттеу қараңыз "Жұмыс" режимін реттеу
- Таспаны ауыстыру процесіне қолдау көрсету қараңыз Таспаны ауыстыру (I-N суреттерін қараңыз)
Электр құралдың орналасуынан тыс таспа ұзындығының индикаторы
Дисплейде (17) таспаның (2) электр құралдан қаншалықты шығып тұрғаны көрсетіледі (беру және тарту барысында).
Нұсқау: есептеу дәлдігін қамтамасыз ету үшін жаңа тапсырма алдында таспаны толығымен кері тарту ұсынылады. Бұл автоматты тоқтатуды нөлге қайтарады.
Күй индикаторлары
Келесі кестеде пайдаланушы интерфейсіндегі (9) күй индикаторлары сипатталған.
Электр құралының күйі индикаторы (16) | Дислейдегі (17) индикатор | Мағынасы/себебі | Шешімі |
|---|---|---|---|
жасыл | Нақты уақыт мәні | OK күйі. Электр құрал беру немесе тарту режимінде жұмыс істейді. | – |
жасыл | End белгісі жыпылықтайды | OK күйі. Электр құрал "Таспаны ауыстыру" режиміне ауысады. | – |
сары | 0,0 м | Таспа толығымен тартылған. Электр құрал автоматты түрде тоқтайды. | Ажыратқышты (7) босатып, ауыстырып-қосқышты (6) сол жағына қарай толығымен басыңыз (Беру). Содан кейін ажыратқышты (7) қайта басыңыз. |
сары | End белгісі жанады | Беру процесінің рұқсат етілген шегіне жетті. Электр құрал автоматты түрде тоқтайды. | Ажыратқышты (7) босатып, (6) ауыстырып-қосқышты оң жағына қарай толығымен басыңыз (Тарту). Сонан соң ажыратқышты (7) қайта басыңыз. Электр құрал "Таспаны ауыстыру" режиміне ауысқанға дейін "РЕЖИМ" түймесін (18) 3 секунд басып тұрыңыз. |
сары | End белгісі жыпылықтайды | Беру процесінің максималды шегіне жетті. Электр құрал автоматты түрде тоқтайды. | Ажыратқышты (7) босатып, (6) ауыстырып-қосқышты оң жағына қарай толығымен басыңыз (Тарту). Сонан соң ажыратқышты (7) қайта басыңыз. |
қызыл | индикатор жоқ | Электр құрал қызып кетті немесе аккумулятор заряды таусылған. | Электр құралын суытыңыз немесе аккумуляторды ауыстырыңыз немесе зарядтаңыз. |
Электр құралға шамадан артық жүктеме түсті. | Құбыржолдарды мақсатына сай орнатпау салдарынан тарту күші тым жоғары. Ажыратқышқа (7) аздап қысым жасау арқылы баяу және бақыланатын күйде тартуға тырысыңыз. Мәселе шешілмеген жағдайда, құбыржол ағысын тексеріңіз. Бұл таспа (2) мен кабельді алып тастау үшін құбыржол аумағын бөлуді қажет етуі мүмкін. | ||
Қозғалтқыштың өшірілуі немесе жеткіліксіз аккумулятор қуаты | Аккумуляторды зарядтаңыз немесе ұсынылған аккумулятор түрін пайдаланыңыз. | ||
Жалпы қате | Электр құралды өшіріп, қайта қосыңыз немесе аккумуляторды шығарып, қайта салыңыз. Қате жойылмаған жағдайда, электр құралды Bosch электр құралдарына арналан өкілетті қызмет көрсету орталығына жіберіңіз. |