Ажарлау құралдарын орнату (A суретін қараңыз)

  • Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады.
  • Тек жарамды және зақымдалмаған айыр тәрізді кілтті пайдаланыңыз ("Техникалық мәліметтер" бөлімін қараңыз).
  • Ажарлау шпинделін (3) және барлық орнатылатын бөліктерді тазалаңыз.
  • Ажарлау шпинделін (3) айыр тәрізді кілтпен (9) кілт жазықтығында ұстаңыз.
    Қыспа гайканы (2) айыр тәрізді кілтпен (10) кілт жазықтығында сағат тілінің бағытына қарсы бұрап босатыңыз.
  • Ажарлау құралының қыспа білігін қысқышқа (1) тірелгенше салыңыз.
  • Ажарлау шпинделін (3) айыр тәрізді кілтпен (9) ұстап тұрып, алмалы-салмалы аспапты айыр тәрізді кілтпен (10) кілт жазықтығында сағат тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз.

Ажарлау құралдары кедергісіз айналуы керек. Домалақ емес ажарлау құралдарын пайдаланбай, оларды алмастырыңыз.

  • Ажарлау құралы орнатылған болмаса, қысқышты қыспа гайкамен тартпаңыз. Әйтпесе қысқыш зақымдануы мүмкін.
  • Білік диаметрі сәйкес келетін ажарлау штифтерін ғана пайдаланыңыз. Ажарлау штифтінің диаметрі электр құралының бекіткішіне сәйкес болмаса ("Техникалық мәліметтер" бөлімін қараңыз), ажарлау штифті дұрыс ұсталмай қысқышты зақымдайды.
  • Алмалы-салмалы аспапты кемінде 10 мм шамасына қысу керек. Тұтқаның жарықтағы L0 өлшемімен алмалы-салмалы аспап өндірушісінің деректері бойынша алмалы-салмалы аспаптың рұқсат етілген максималды айналу жиілігін есептеуге болады. Ол электр құралының максималды аналымдар санынан төмен жатуы мүмкін емес.